Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 29.01.2020 № 31 қбпү қаулысымен (әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 26-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 45 "Қостанай облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7533 болып тіркелген, 2018 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесі:
осы қаулының қосымшасына (қызмет бабында пайдалану үшін) сәйкес реттік нөмірлері 118-1, 118-2-жолдарымен толықтырылсын.
2. "Қостанай облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Ж. Қадырбеков
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қостанай облысының ішкі
істер департаменті" мемлекеттік
мекемесі бастығы
__________________ Б. Аймағамбетов