"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 20 маусымдағы қорытындысы негізінде, Қостанай ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынысы бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Глазуновка ауылы Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округінің Айсары ауылы деп қайта аталсын.
2. Қостанай облысы Қостанай ауданы Глазунов ауылдық округі Қостанай облысы Қостанай ауданы Айсары ауылдық округі деп қайта аталсын.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мұхамбетов |
Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Есенгельдинов |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |