Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін бекіту туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 118 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 7728 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Балғарин

  Қала әкімдігінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі № 118
қаулысымен бекітілген

Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін пайдаланалатын азаматтар санаттарының тізбесі

Азаматтардың санаты

Жеңілдіктер мөлшері

1

7 жасқа дейінгі балалар

Тегін

2

Көп балалы отбасыларынан оқушы-балалар

Тегін

3

Балалар үйлерінен оқушы-балалары

Тегін

4

Спорт ардагерлері

Тегін

5

Оқушылар

Тегін

6

Студенттер

Тегін

7

Зейнеткерлер

Тегін

      *Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына арналған.

Об утверждении перечня категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно

Постановление акимата города Аркалыка Костанайской области от 9 апреля 2018 года № 118. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 27 апреля 2018 года № 7728

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 Закона Республики Казахстан от 3 июля 2014 года "О физической культуре и спорте" акимат города Аркалыка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить перечень категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно, согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Отдел физической культуры и спорта акимата города Аркалыка" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Аркалыка после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима города Аркалыка.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города А. Балгарин

  Утверждено
постановлением акимата города
от 9 апреля 2018 года № 118

Перечень категорий граждан, пользующихся физкультурно-оздоровительными услугами бесплатно

Категории граждан

Размеры льгот

1

Дети до 7 лет

Бесплатно

2

Дети-школьники из многодетных семей

Бесплатно

3

Дети-школьники из детских домов

Бесплатно

4

Спортсмены ветераны

Бесплатно

5

Школьники

Бесплатно

6

Студенты

Бесплатно

7

Пенсионеры

Бесплатно

      *Примечание: данный перечень распространяется на государственные физкультурно-оздоровительные и спортивные сооружения.