Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылдық округі әкімінің 27.06.2018 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 19 ақпандағы № 26 ұсынысы негiзiнде, Большая Чураковка ауылдық округi әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылдық округіндегі Большая Чураковка ауылының аумағында ірі қара малдарының бруцеллез ауруының туындауына байланысты, шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық денсаулық министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдык денсаулық сақтау комитетінің департаментінің Алтынсарин аудандық қоғамдык денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Алтынсарин ауданы Большая Чураковка округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімің шешінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жириялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешінді ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Большая Чураковка ауылдық округінің әкімі | Ө. Жөкешбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Алтынсарин ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттiк
мекемесiнің басшысы
________________ А. Ергалиев
2018 жылы 10 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Алтынсарин аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
_______________ Б. Бекбосынов
2018 жылы 10 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ұлттық денсаулық министрлігі
қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдык денсаулық сақтау
комитетінің департаментінің
Алтынсарин аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы"
РММ басқарманың бастығының
міндетін атқарушы
_______________ К. Ботишев
2018 жылы 10 сәуір