Алтынсарин ауданы Большая чураковка ауылдық округіндегі Большая Чураковка ауылында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Большая чураковка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 шілдеде № 7920 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2011 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысы 2018 жылғы 4 маусымдағы № 01-20/95 ұсынысы негізінде Большая чураковка ауылдық округi әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Большая чураковка ауылдық округіндегі Большая Чураковка ауылында ірі қара малдың бруцеллезы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Большая чураковка ауылдық округi әкімінің 2018 жылғы 10 cәуірдағы № 1 "Алтынсарин ауданы Большая чураковка ауылдық округіндегі Большая Чураковка ауылына шектеу iс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде нөмірі 7730 болып тіркелген, 2018 жылы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Алтынсарин ауданы Большая чураковка округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімінің шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы шаруашылық" жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жириялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Большая чураковка ауылдық округінің әкімі Ө. Жөкешбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Алтынсарин ауданы әкімдігінің

      ветеринария бөлімі" мемлекеттiк

      мекемесiнің басшысы

      _____________ А. Ергалиев

      2018 жылы 27 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлiгi

      Ветеринариялық бақылау және

      қадағалау комитетiнiң Алтынсарин

      аудандық аумақтық инспекциясы"

      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы

      _____________ Б. Бекбосынов

      2018 жылы 27 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      Қоғамдык денсаулық сақтау

      департаментінің Алтынсарин

      аудандық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы"

      РММ басқарманың басшысы

      _______________ А. Әуезбеков

      2018 жылы 27 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады