"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 01-27/494 ұсынысы негізінде Денисов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі Денисовка ауылының аумағында орналасқан "Тобольское-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Денисов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7714 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауылдық округінің әкімі | В. Наконечный |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Денисов ауданы
әкімдігінің ветеринария
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ В. Шерер
2018 жылғы "10" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық
бақылау және қадағалау
комитетiнiң Денисов
аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Қ. Исмағұлов
2018 жылғы "10" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Денисов
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Б. Байгелов
2018 жылғы "10" шілде