Сноска. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі әкімінің 10.07.2018 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Денисов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 1 наурыздағы № 01-27/146 ұсынысы негізінде Денисов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Денисов ауданы Денисов ауылдық округі Денисовка ауылының аумағында орналасқан "Тобольское-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мал шаруашылығының кешені аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Денисов аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.
3. "Денисов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы | В. Наконечный |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Денисов ауданы әкімдігінің ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________________ В. Шерер
2018 жылғы "10" сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Денисов аудандық
аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________________________ Қ. Исмағұлов
2018 жылғы "10" сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің Денисов
аудандық қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы" республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
___________________________ Б. Байгелов
2018 жылғы "10" сәуір