"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
2016 жылғы 16 қарашадағы № 60 "Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6717 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 желтоқсанда "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" аудандық газетінде жарияланған);
2017 жылғы 29 наурыздағы № 81 "Мәслихаттың 2016 жылғы 16 қарашадағы № 60 "Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7020 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Испамбетов |
Қамысты аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Кстаубаева |
КЕЛІСІЛДІ
"Қамысты ауданы әкімдігінің
тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Ж. Баймурзин