Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 01.08.2018 № 187 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2016 жылғы 16 қарашадағы № 60 "Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6717 тіркелген, 2016 жылғы 2 желтоқсанда "Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Құдайқұлов |
Қамысты аудандық | |
мәслихатының хатшысы | С. Қыстаубаева |
КЕЛІСІЛДІ
"Қамысты ауданы әкімдігінің тұрғын үй
-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ Ж. Баймұрзиин
2017 жылғы 29 наурыз
Мәслихаттың 2017 жылғы 29 наурыздағы № 81 шешіміне қосымша |
Қамысты ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жылдық мөлшері, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,46 |
2 | Интернаттар | 1 орын | 1,06 |
3 | Қонақ үйлер | 1 орын | 1,45 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,37 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,61 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,53 |
7 | Ауруханалар | 1 төсек-орын | 1,9 |
8 | Мектептер | 1 оқушы | 0,18 |
9 | Дәмханалар | 1 орын | 1,35 |
10 | Концерт залдары | 1 орын | 0,35 |
11 | Мұражайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,14 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,02 |
13 | Спорт залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
14 | Азық-түлік дүкендері | Сауда алаңы 1 м2 | 0,61 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орны 1 м2 | 0,41 |
16 | Өнеркәсіптік дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,52 |
17 | Дүңгіршектер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,41 |
18 | Азық-түлік тауарларының қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,17 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
20 | Вокзалдар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,32 |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,16 |
22 | Автожанармай құю станциялары | 1 машина-орын | 0,31 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 3,15 |
24 | Шаштараздар | 1 жұмыс орны | 0,79 |
25 | Тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,39 |
26 | Аяқ киімді жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 1,3 |
27 | Моншалар | Жалпы алаңы 1 м2 | 2,2 |