Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 28.05.2020 № 503 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 139–бабының 9–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Мәслихаттың 2016 жылғы 5 мамырдағы № 25 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелерді белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6370 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 маусымда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессия төрайымы | Г. Балбаева |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Тюлюбаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________ М. Шайхинов