Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 15.04.2020 № 56 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 77 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6382 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі | В. Ионенко |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы
_____________ С. Қазиев
2018 жылғы 27 маусым
Әкімдіктің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 92 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысы және басшысының орынбасары;
2) құрылымдық бөлімінің басшысы, клиникалық және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
3) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
4) акушер;
5) диеталық мейіргер;
6) тiс дәрігері (дантист);
7) мейіргер;
8) қоғамдық денсаулық сақтау маманы (статистик);
9) зертханашы (медициналық);
10) провизор (фармацевт);
11) психолог маман;
12) рентген зертханашысы;
13) әлеуметтік қызметкер;
14) фельдшер;
15) медициналық тіркеуші.
Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
16) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
17) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
18) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
19) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
20) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
21) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
22) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
Білім беру мамандарының лауазымдары:
23) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысы;
24) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорының: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының;
25) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;
26) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дефектолог, мұғалім-логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
27) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорының: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;
28) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорының бөлім басшысы (әдістемелік кабинеттің меңгерушісі);
29) логопед;
30) әлеуметтік педагог;
31) қосымша білім беретін педагог;
32) ұйымдастырушы педагог;
33) педагог-психолог;
34) психолог;
35) әдіскер (негізгі қызметтердің);
36) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
37) тәлімгер;
38) дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің);
39) мейірбике (мейіргер);
40) емдәмдік мейірбике;
41) тәрбиелеуші;
42) кітапханашы;
43) зертханашы;
44) хореограф (негізгі қызметтердің).
Мәдениет мамандарының лауазымдары:
45) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысы;
46) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;
47) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорының көркемдік жетекшісі;
48) кітапхана меңгерушісі (басшысы);
49) кітапханашы;
50) библиограф;
51) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
52) аккомпаниатор;
53) хореограф;
54) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
55) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
56) қазақ, ағылшын тілдер мұғалімдері;
57) музыкалық жетекші.
Спорт мамандарының лауазымдары:
58) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорының басшысы;
59) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны басшысының орынбасары;
60) жаттықтырушы;
61) әдіскер.
Ветеринария мамандарының лауазымдары:
62) ветеринариялық дәрігер;
63) ветеринариялық фельдшер.