Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 23.01.2023 № 5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 23.01.2023 № 5 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қарасу ауданы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелерін кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 27 маусымдағы № 92 қаулысының (2018 жылғы 26 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7973 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарасу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданының әкімі | В. Ионенко |
Әкімдіктің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 56 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 28.05.2024 № 127 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
2) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) аккомпаниатор;
5) библиограф;
6) кітапханашы;
7) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
8) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
9) музыкалық жетекші;
10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
11) хореограф;
12) барлы мамандық мұғалімдері.
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) әдіскер;
3) нұсқаушы-спортшы.