"Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсетілсін.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы |
С. Байгабулов |
Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Копжасаров |
КЕЛIСIЛДI
Қостанай ауданы әкiмдiгiнiң
"Экономика және қаржы бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
________________ З. Кенжегарина