Қостанай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 221 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 ақпанда № 7544 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау көрсетілсін.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай аудандық мәслихатының
кезектен тыс сессиясының төрағасы
С. Байгабулов
      Қостанай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Копжасаров

      КЕЛIСIЛДI

      Қостанай ауданы әкiмдiгiнiң

      "Экономика және қаржы бөлiмi"

      мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы

      ________________ З. Кенжегарина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады