"Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылы халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 16 қарашадағы қорытындысы негізінде Мичурин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі Мичурин ауылының 50 лет Октября көшесі Арман көшесіне қайта аталсын.
2. "Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қостанай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мичурин ауылдық округінің әкімі | В. Клочко |