Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Бөлек жиынды ашудың алдында Сорочин ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | Т. Жауғаштин |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сарыкөл ауданының Сорочин
ауылдық округінің әкімі
_____________ Ж. Сабырбаев
"10" сәуір 2018 жыл
Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы "10" сәуірдегі № 154 шешіміне қосымша |
|
Сарыкөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 шешіміне қосымша |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы | Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам) |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Сорочинка ауылының тұрғындары үшін | 5 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Мелитополь ауылының тұрғындары үшін | 3 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Островное ауылының тұрғындары үшін | 5 |
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Крыловка ауылының тұрғындары үшін | 8 |