Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 154 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 7746 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 25.09.2023 № 59 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 153 "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4676 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "2. Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларында:

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Бөлек жиынды ашудың алдында Сорочин ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Т. Жауғаштин
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Сарыкөл ауданының Сорочин

      ауылдық округінің әкімі

      _____________ Ж. Сабырбаев

      "10" сәуір 2018 жыл

  Сарыкөл ауданы мәслихатының
2018 жылғы "10" сәуірдегі
№ 154 шешіміне
қосымша
 
  Сарыкөл ауданы мәслихатының
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 153 шешіміне
қосымша

Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Сорочин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Сорочинка ауылының тұрғындары үшін

5

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Мелитополь ауылының тұрғындары үшін

3

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Островное ауылының тұрғындары үшін

5

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Крыловка ауылының тұрғындары үшін

8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады