Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 01.08.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 01-21/45 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі Севастополь ауылы шығыс бөлім жеке секторының аумағында Ленина 4, 6, 9, 12, 14, 16, 17, 22 үй, Партизанская 1, 7, 10, 11, 13, 17 үй, Молодежная 1, 3, 6, 9, 10 үй, Коммунистическая 12, 18 үй, Центральная 22 үй, Мельничная 2 үй көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Сарыкөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Сарыкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3. "Cарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округі әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Севастополь ауылдық округінің әкімі |
З. Төлеубаев |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Сарыкөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Е.Қ. Құрманов
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің
Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
Сарыкөл аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ С.С. Ибраева
КЕЛІСІЛДІ
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі"мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________ Ш.Ж. Сатубалдин