"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 01-21/193 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің міндеттерін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі Севастополь ауылы шығыс бөлім жеке секторының аумағында Ленина 4, 6, 9, 12, 14,16, 17, 22 үй, Партизанская 1, 7, 10, 11, 13, 17 үй, Молодежная 1, 3, 6, 9, 10 үй, Коммунистическая 12, 18 үй, Центральная 22 үй, Мельничная 2 үй көшелерінде ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7669 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Cарыкөл ауданының Севастополь ауылдық округі әкімнің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімінің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Севастополь ауылдық округі | |
әкімінің міндеттерін атқарушы | А. Жиентаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Сарыкөл
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________ Е.Қ. Құрманов
01.08.2018 ж.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің
Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
Сарыкөл аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ С.С. Ибраева
01.08.2018 ж.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Ш.Ж. Сатубалдин
01.08.2018 ж.