Ескерту. Шешімнің тақырыбында, кіріспесінде және барлық мәтін бойынша "Таран ауданы", "Таран ауданының" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданы", "Бейімбет Майлин ауданының" деп ауыстырылды - Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кенті әкімінің 26.03.2021 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кенті халқының пiкiрiн ескере отырып, 2017 жылғы 4 желтоқсандағы Қостанай облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Тобыл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тобыл кентінің келесі көшелері қайта аталсын:
1) Вокзальная көшесін Бейбітшілік көшесіне;
2) Кооперативный тұйық көшесін Жеңіс көшесіне;
3) Тупиковая көшесін Самал көшесіне;
4) Дома Нефтебазы көшесін Бақыт көшесіне;
5) Поселковая көшесін Достық көшесіне;
6) Комбинатовская көшесін Бірлік көшесіне;
7) Школьная көшесін Болашақ көшесіне;
8) Казахская көшесін Тәуелсіздік көшесіне.
2. "Тобыл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тобыл кенті әкімі | Б. Каукин |