"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес Таран ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Таран ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.
2. "Таран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариалау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Таран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 5 мамырдан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі | Қ. Испергенов |
Әкімдіктің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 177 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлiгiндегі Таран ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi
№ р/н | Ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы | Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi |
ІІ дала аймағы | ||
1. | Жаздық бидай | 15 мамырдан 2 маусымға дейін |
2. | Күздік бидай | 25 тамыздан 15 қыркүйеке дейін |
3. | Жаздық арпа | 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
4. | Күздік арпа | 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
5. | Сұлы | 15 мамырдан 5 маусымға дейін |
6. | Тары | 20 мамырдан 5 маусымға дейін |
7. | Рапс | 20 мамырдан 28 мамырға дейін |
8. | Бұршақ | 20 мамырдан 31 мамырға дейін |
9. | Аңқа | 15 мамырдан 25 мамырға дейін |
10. | Күнбағыс | 5 мамырдан 18 мамырға дейін |