Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылы әкімінің 25.12.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына , "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 139 ұсынысы негiзiнде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2. "Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" "Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдык денсаулық сақтау департаментінің Ұзынкөл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.
3. "Ұзынкөл ауданы Варваровка аулының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімнің шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Варваровка ауылының әкімі | В. Шерстюков |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлiгi
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Ұзынкөл аудандық аумақтық
инспекциясы" мемлекеттiк
мекемесiнiң басшысы
_______________ Е. Талтыкеев
2018 жылы "9" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің
Ұзынкөл аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы"
РММ басқарманың бастығы
_______________ Е. Исмагулов
2018 жылы "9" шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ұзынкөл ауданының
ветеринария бөлімі" мемлекеттiк
мекемесiнің басшысы
______________ М. Ыбрай
2018 жылы "9" шілде