Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылы әкімінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 8236 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Занының 10–1 бабының 8) тармағына сәйкес Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2018 жылғы 19 қазандағы № 238 ұсынысы негізінде Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылы аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылы әкімінің "Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 9 шілдедегі № 1 шешімінің күші жойылды деп танылсын (2018 жылғы 30 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7978 болып тіркелген).

      3. "Ұзынкөл ауданы Варваровка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Варваровка ауылының әкімі В. Шерстюков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің

      Ұзынкөл аудандық қоғамдық

      денсаулық сақтау басқармасы"

      Республикалық мемлекеттік мекемесiнiң

      басқарманың бастығы

      ______________ Е. Исмагулов

      2018 жылы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлiгi

      Ветеринариялық бақылау

      және қадағалау комитетiнiң

      Ұзынкөл аудандық аумақтық

      инспекциясы" мемлекеттiк

      мекемесiнiң басшысы

      _______________ Е. Талтыкеев

      2018 жылы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ұзынкөл ауданының

      ветеринария бөлімі" мемлекеттiк

      мекемесiнің басшысы

      _______________ М. Ыбрай

      2018 жылы 25 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады