Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 239/34 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 сәуірде № 5947 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 180/24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 16.11.2022 № 180/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар қалалық мәслихатының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы С. Айтқазина
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Мұқашева

  Павлодар қалалық
мәслихатының 2018
жылғы 29 наурыздағы
№ 239/34 шешімімен
бекітілді

Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Павлодар қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі - қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

      4. Иесіз қалдықтарды басқару "Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады (бұдан әрі - Бөлім).

      5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен және депутаттардан комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).

2-тарау. Сот шешімімен коммуналдық меншікке
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негіздер бойынша "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидалары", 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 2 шілдеде № 4775 тіркелген) қалдықтар Сыныптамасына сәйкес атқарылады.

      7. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен Коммиссияның ұсыныстарымен талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Бөліммен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан, жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сейкес жүргізіледі.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Павлодара

Решение маслихата города Павлодара Павлодарской области от 29 марта 2018 года № 239/34. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 12 апреля 2018 года № 5947. Утратило силу решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 16 ноября 2022 года № 180/24

      Сноска. Утратило силу - решением Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 16.11.2022 № 180/24 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, Павлодарской городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Павлодара.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Павлодарского городского маслихата по вопросам жилищно-коммунального хозяйства.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Айтказина
      Секретарь городского маслихата З. Мукашева

  Утверждены
решением Павлодарского
городского маслихата
от 29 марта 2018 года № 239/34

Правила управления бесхозяйными отходами,
признанными решением суда поступившими
в коммунальную собственность города Павлодара

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Павлодара (далее - Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 5) статьи 20-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность (далее - отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление отходами - это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

      4. Управление отходами осуществляется государственным учреждением "Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Павлодара" (далее - Отдел).

      5. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных государственных органов и депутатов (далее - Комиссия).

Глава 2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными
решением суда поступившими в коммунальную собственность

      6. Оценка, учет, дальнейшее использование и реализация отходов осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Классификатором отходов утвержденных Приказом Министра охраны окружающей среды Республики Казахстан" от 31 мая 2007 года № 169-п. (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2007 года № 4775).

      7. Организация работы по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется Отделом с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. После реализации, утилизации, удаления отходов, в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан, производится рекультивация территории, на которой были размещены отходы.

Глава 3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.