Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі Жалаулы ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жалаулы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылының келесі көшелері:
"Школьная" көшесі - "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;
"Садовая" көшесі - "Тәуелсіздік" көшесі;
"Победа" көшесі - "Жеңіс" көшесі;
"Степная" көшесі - "Достық" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалаулы ауылдық | |
округінің әкімі | А. Медетов |