Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 6170 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі Жалаулы ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Жалаулы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің Жалаулы ауылының келесі көшелері:

      "Школьная" көшесі - "Ыбырай Алтынсарин" көшесі;

      "Садовая" көшесі - "Тәуелсіздік" көшесі;

      "Победа" көшесі - "Жеңіс" көшесі;

      "Степная" көшесі - "Достық" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалаулы ауылдық
      округінің әкімі А. Медетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады