Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйектегі "Железинка ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 322-5/40 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4766 болып тіркелген, 2015 жылы 22 қазандағы аудандық "Родные просторы", "Туған өлке" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың үндеулері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Б. Амиров |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | П. Лампартер |