Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 258/6 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қазанда № 6074 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.09.2020 № 486/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Железин ауданының бөлімі;";

      10-тармақта:

      2) тармақшаның екінші абзацында "5" саны "10" санымен ауыстырылсын;

      4) тармақшаның үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын "осы Қағидалардың 9-тармағының 11-2) тармақшасында көрсетілген санаттарға амбулаториялық емделу кезеңінде тамақтану және жол жүру үшін 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Железинка орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны фтизиатрлық кабинетімен ұсынылатын тізімнің негізінде;".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы В. Неупокоев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы П. Лампартер

О внесении изменений в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района"

Решение маслихата Железинского района Павлодарской области от 5 сентября 2018 года № 258/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 5 октября 2018 года № 6074. Утратило силу решением Железинского районного маслихата Павлодарской области от 30 сентября 2020 года № 486/6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением Железинского районного маслихата Павлодарской области от 30.09.2020 № 486/6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", в целях оказания социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан, Железинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Железинского районного маслихата от 30 июня 2016 года № 22/6 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Железинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5176, опубликовано 29 июля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Железинском районе, утвержденных указанным решением:

      подпункт 8) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "8) уполномоченная организация – отдел Железинского района по социальному обеспечению филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Павлодарской области;";

      в пункте 10:

      в абзаце втором подпункта 2) цифру "5" заменить цифрой "10";

      абзац третий подпункта 4) изложить в новой редакции "для категории, указанной в подпункте 11-2) пункта 9 настоящих Правил на питание и проезд в период прохождения амбулаторного лечения в размере 7 месячных расчетных показателей на основании списка, предоставляемого фтизиатрическим кабинетом Коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Железинская центральная больница;".

      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам социально-экономического развития и бюджета районного маслихата.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      районного маслихата В. Неупокоев
      Секретарь районного маслихата П. Лампартер