Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 63/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Железин ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Oсы шешімнің қосымшасына сәйкес Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік – экономикалық дамыту және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Железин аудандық маслихатының сессия төрағасы | Б. Амиров |
Железин аудандық мәслихатының хатшысы | П. Лампартер |
Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйегі № 486/6 шешімімен бекітілген |
Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 18.03.2022 № 133/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда – Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 20.06.2023 № 37/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Железин ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысы бойынша статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
7) уәкілетті орган - "Железин ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Железин ауданының ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен көрсетіледі.
4. Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16 – бабында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 – бабының 2) тармақшасында, 11 – бабының 2) тармақшасында, 12 – бабының 2) тармақшасында және 13 – бабының 2) тармақшасында, 17 – бабында көзделген әлеуметтік көмек шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 214/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мерекелік күндерінің тізбесі:
1) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
3) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;
4) 9 мамыр - Жеңіс күні;
5) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні;
6) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні;
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 20.06.2023 № 37/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:
бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық
апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;
4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілер;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;
5) еңбек ардагерлері:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);
1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;
7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтар;
Зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтар;
8) мүмкіндігі шектеулі адамдар, атап айтқанда:
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар;
1 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
2 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі адамдар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
кірістерін есепке алмай, жоғары немесе орта арнайы (кәсіби) білім және білім берудің өзге де түрлерін алуға мүмкіндігі шектеулі адамдар оңалтудың жеке бағдарламасының кәсіби бөлігінен көшірмесі бар, мүмкіндігі шектеулі адамдар;
3 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдар;
кәмелетке толмаған балалары бар мүмкіндігі шектеулі адамдар;
9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналар (отбасылар);
10) ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда:
жетім балалар;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
жан басына шаққандағы табысы ағымдағы жылғы екінші тоқсанның ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір есе мөлшерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасының қатарындағы балалар;
11) аз қамтамасыз етілген азаматтар, атап айтқанда:
барлық санаттағы мүгедек адамдар;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан мүлікке залал келтіруге байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар;
10 аптаға дейінгі жүктілігіне байланысты Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына дер кезінде есепке тұрған жүкті әйелдер (жиынтық табысты есептеу кезінде әлеуметтік көмекті алуға үміткер отбасының құрамына ата-аналары (бала асырап алушылар) және олардың қарауындағы 18 жасқа толмаған балалар есептелсін);
бір жасқа дейінгі балалары бар, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінен аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж азаматтар (отбасылар);
12) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтар, атап айтқанда:
онкологиялық аурумен ауыратын адамдар;
адамның иммун тапшылығы вирусы (АИВ) туындатқан аурудан зардап шегетін тұлғалар;
адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан аурудан зардап шегетін балалар;
амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғалар;
"жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғалар;
қант диабетіаурумен ауыратын адамдар;
13) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар";
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 20.06.2023 № 37/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:
1) мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек:
Халықаралық әйелдер күніне 7-тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген санат үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне 7-тармақтың 13) тармақшасында, көрсетілген санат үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Отан қорғаушы күніне 7-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтарында және 6) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Жеңіс күніне 7-тармақтың 1) тармақшасында, 2) тармақшасының екінші, бесінші абзацтарында, 3), 4), 5) тармақшаларында және 6) тармақшасының екінші, төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
Қазақстан Республикасының Конституция күніне 7-тармақтың 8) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті органның тізімі негізінде;
Тәуелсіздік күніне 7-тармақтың 7) тармақшасында және 8) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшін уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
2) біржолғы әлеуметтік көмек:
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 (жүз жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының алтыншы абзацындасанаттар үшінсауықтыруға 50 (елу) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 8) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде заңды өкілдердің бірін алып жүру жөніндегі шығындарды өтеуге арналған 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін кепілдік берілген құнның 30 (отыз) % мөлшерінде санаторлық-курорттық емделуге;
7-тармақтың 11) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшінқатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі) 4 (төрт) АЕК мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, Железин ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі анықтама қоса берілген өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама қоса берілген өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 11) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатынанықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарқоса берілген өтініш негізінде, 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтаубасқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде, 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 12) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген санат үшін;
дәрігерлік-консультациялық комиссияның ауруды растайтын қорытындысын, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 12) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін;
аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін төленеді;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатынанықтама, Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарқоса берілген өтініш негізінде, 10 (он) АЕК мөлшерінде 7- тармақтың 12) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген санат үшін;
3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін(сауықтыруға) 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшінқатты отын сатып алуға 10 (он) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 2) тармақшасында, 3) тармақшасының төртінші абзацында және 6) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санаттар үшінқатты отын сатып алуға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарында, 4) тармақшасында, 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарында көрсетілген санаттар үшінқатты отын сатып алуға 6 (алты) АЕКмөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
7-тармақтың 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшінқатты отын сатып алуға 2 (екі) АЕКмөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;
4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:
7- тармақтың 8) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүмкіндігі шектеулі адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін" 3 (үш) АЕК мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде, 10 (он) АЕК мөлшерінде 7-тармақтың 8) тармақшасының екінші жәнеүшіншіабзацтарында (перитонеальді диализге жәнегемодиализге мұқтаж емделу және қаралу) көрсетілген санат үшін;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 3) тармақшаларында көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағуға әрбір балаға ақы төлеу үшін, құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК
мөлшерінде 7-тармақтың 8) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинеті ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде 7-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген санат үшін;
Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Железин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатрлық кабинетіұсынатын тізім негізінде 7-тармақтың 12) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін 12 (он екі) АЕК мөлшерінде;
7-тармақтың 10) тармақшасының екінші және үшінші абзацында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 20.06.2023 № 37/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Уәкілетті орган ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысы бар адамдарға көмек көрсетеді:
аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін төленеді;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 16,5 (он алты бүтін оннан бес) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 11) тармақшасының бесінші абзацында көрсетілген санат үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
ай сайынғы әлеуметтік көмек:
7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;
Үлгілік қағидаларының 13-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде әр балаға 5 (бес) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 11) тармақшасының алтыншы абзацында көрсетілген санат үшін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 20.06.2023 № 37/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Әлеуметтік көмек шектеулер мөлшері - 100 АЕК. Ұлы Отан соғысының қатысушылары үшін әлеуметтік көмек шектеулері 1000000 (бір миллион) теңгеден тұрады.
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін облыстық ЖАО келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларының 12-25 -тармақтарына сәйкес айкыңдалды.
Әлеуметтік көмекке ақы төлеу әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдағаннан кейінгі айдың 10-шы күні жүзеге асырылады.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер
13. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы Железин ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
14. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен қайтаруға жатады.
5-тарау. Қорытынды ереже
15. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйегі № 486/6 шешіміне қосымша |
Железин аудандық мәслихатының күші жойылған
деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5176 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 наурыздағы "Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 71/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5418 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы "Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 115/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5556 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. Железин аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 қазандағы "Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 150/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5675 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі "Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 210/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5974 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі "Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 258/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6074 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. Железин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 қарашадағы "Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 284/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6146 болып тіркелген, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
8. Железин аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 шілдедегі "Железин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 353/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6471 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).