Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Железин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛАДЫ:
1. Железин ауданы мәслихатының 2018 жылғы 16 мамырдағы "Железин ауданы Железин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 229/6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5985 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экология және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | В. Неупокоев |
Аудандық мәслихат хатшысының м.а. | А. Сергазин |