Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі "Ертіс аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 219-40-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4749 тіркелген, 2015 жылғы 17 қазандағы "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған);
2) Ертіс аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 тамыздағы "Ертіс аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі "Ертіс аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 219-40-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 77-17-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5613 тіркелген, 2017 жылғы 9 қыркүйектегі "Ертіс нұры" және "Иртыш" газеттерінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының бюджет, әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессияның төрағасы | Л. Гунжель |
Ертіс аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Шингисов |