Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Байқоныс ауылдык округі Байқоныс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Байқоныс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі Байқоныс ауылының келесі көшелері:
"Целинная" көшесі "Еңбекші" көшесі болып;
"Киров" көшесі "Жеңіс" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байқоныс ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Д. Молдагельдинов |