Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі Байқоныс ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 1-12/02 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 5872 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Байқоныс ауылдык округі Байқоныс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Байқоныс ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Байқоныс ауылдық округі Байқоныс ауылының келесі көшелері:

      "Целинная" көшесі "Еңбекші" көшесі болып;

      "Киров" көшесі "Жеңіс" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байқоныс ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Д. Молдагельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады