Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман ауылдық округі әкімінің 13.09.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ақшиман селолық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданы Ақшиман селолық округінде орналасқан "Агро-Даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында (1 бас) жылқы сақауы ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Май аудандық аумақтық инспекция" (келісім бойынша), "Май ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шаралары жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округі әкімінің | |
міндетін атқарушысы | Қ. Бакауов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Қазақстан Республикасы | |
Ауылшаруашылық министрлігі | |
ветеринарлық бақылау | |
және қадағалау Комитетінің | |
Май аудандық аумақтық | |
инспекциясы " мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Н. Жумабаев |
2018 жылғы "31" қаңтар | |
"Май ауданының ветеринария | |
бөлімі" мемлекеттік | |
мекемесінің басшысы | Е. Ахметов |
2018 жылғы "31" қаңтар |