Шектеу іс-шараларын тоқтату және Май ауданы Ақшиман ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 қаңтардағы "Май ауданы Ақшиман селолық округінде орналасқан "Агро-Даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май ауданы Ақшиман ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қыркүйекте № 6063 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 1-14/381 ұсынысы негізінде, Ақшиман ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май ауданы Ақшиман ауылдық округінде орналасқан "Агро-Даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында жылқы сақауы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Май ауданы Ақшиман ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31қаңтардағы "Май ауданы Ақшиман селолық округінде орналасқан "Агро-Даму" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5848 болып тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінде 2018 жылғы 17 ақпанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақшиман ауылдық
      округі әкімі Қ. Бакауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылық министрлігі
      ветеринарлық бақылау және қадағалау
      Комитетінің Май аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Жумабаев
      2018 жылғы "13" қыркүйек
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Май ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Ахметов
      2018 жылғы "13" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады