Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Чигиринов ауылдық округі Чигиринов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округі Чигиринов ауылының көшелері:
"Молодежная" көшесі "Жастар" көшесіне;
"Целинная" көшесі "Тың" көшесіне;
"Советов" көшесі "Кеңес" көшесіне;
"Колхозная" көшесі "Достық" көшесіне қайта аталсын;
"Абая" көшесі "Абай" көшесіне, "Джамбула" көшесі "Жамбыл" көшесіне болып транскрипциялары өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Чигиринов ауылдық | |
округінің әкімі | Ж. Абельдинов |