Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округінің Чигиринов ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 09-ш шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қазанда № 6073 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Чигиринов ауылдық округі Чигиринов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 25 қазандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шарбақты ауданы Чигиринов ауылдық округі Чигиринов ауылының көшелері:

      "Молодежная" көшесі "Жастар" көшесіне;

      "Целинная" көшесі "Тың" көшесіне;

      "Советов" көшесі "Кеңес" көшесіне;

      "Колхозная" көшесі "Достық" көшесіне қайта аталсын;

      "Абая" көшесі "Абай" көшесіне, "Джамбула" көшесі "Жамбыл" көшесіне болып транскрипциялары өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Чигиринов ауылдық
      округінің әкімі Ж. Абельдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады