Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарының бәрi кетiп қалған және қоныс аударған мына елді мекендері таратылсын:
Тайынша ауданы Келлеровский ауылдық округінің Липовка ауылы;
Тайынша ауданы Большеизюм ауылдық округінің Терновка ауылы;
Айыртау ауданы Имантау ауылдық округінің Цуриковка ауылы;
Шал ақын ауданы Кривощеков ауылдық округінің Соколовка ауылы.
2. Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты халқының саны елу адамнан кем мына елді мекендері таратылсын:
Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округінің Талпын ауылы;
Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округінің Матросов ауылы;
Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округінің Уткин ауылы;
Жамбыл ауданы Озерный ауылдық округінің Ақбалық ауылы;
Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің Островка ауылы;
Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округінің Неждановка ауылы;
3. Солтүстік Қазақстан облысының таратылатын елді мекендері:
Талпын ауылы Жамбыл ауданы Благовещенка ауылдық округі Благовещенка ауылының;
Матросов ауылы Жамбыл ауданы Казанка ауылдық округі Екатериновка ауылының;
Уткин ауылы Жамбыл ауданы Кладбинка ауылдық округі Кладбинка ауылының;
Ақбалық ауылы Жамбыл ауданы Озерный ауылдық округі Озерное ауылының;
Островка ауылы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округінің Пресновка ауылының;
Неждановка ауылы Шал ақын ауданы Сухорабов ауылдық округінің Сухорабовка ауылының құрамына енгізілсін,
4. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" және "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы - Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі ресми жарияланған соң оны Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары ауданның және облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігінің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
6. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына және облыстық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
7. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
Қ. Ақсақалов |
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы |
С. Ахметбеков |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы |
В. Бубенко |