"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 50-баптарына сәйкес Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Петропавл қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын, қосымшаға сәйкес.
2. "Петропавл қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі, қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | М. Тасмағанбетов |
Петропавл қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 874 қаулысына қосымша |
Петропавл қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Кәмелеттік жастағы іс-әрекетке қабілетті, іс-әрекетке қабілеттері шектеулі азаматтарға, сондай-ақ Петропавл психоневрологиялық интернат-үйінде тұратын тұлғаларға қамқорлық және қорғаншылық белгілеу кенесі туралы ережені бекіту туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 163 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 09 қарашадағы № 1406 қаулысы (2006 жылғы 10 ақпанда № 6 Проспект СК газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-1-29 тіркелген).
2. "Петропавл қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қазандағы № 1872 қаулысы ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3478 тіркелген).
3. "Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Петропавл қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 317 қаулысы ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 наурызда жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3652 тіркелген).