Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 08.05.2019 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес (2016 жылғы 28 шілдеде №14010 Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде жұмыс орындары санынан мүгедектер үшін Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Тұралинов |
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 01 қаулысына қосымша |
Ақжар ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін белгіленген жұмыс орындары квоталары бар ұйымдар тізімі
№ р/н | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің саны | Квота мөлшері (қызметкерлердің саны %) | Жұмыс орындарының нақты квотасы | Жұмыс істейтін мүгедектер саны | Жұмыс орындарының саны |
1 | "Горьковское и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 85 | 2 | 2 | - | 2 |
2 | "Талшық Астық ЛТД" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 65 | 2 | 1 | - | 1 |
3 | "Ленинград ауыл шаруашылық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекеме | 70 | 2 | 1 | - | 1 |
4 | "Талшық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 71 | 2 | 1 | - | 1 |