Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі әкімінің 26.02.2019 № 02 (алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Занының 10-1бабы 7) тармақшасына сәйкес, Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық санитарлық инспекторының 2018 жылғы 08 маусымдағы № 07-29/47 ұсынымы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі Айсары ауылы аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс - шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | С.Таңқыбаева |