Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 07-29/8 ұсынысы негізінде, Айсары ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі Айсары ауылы аумағында орналасқан ірі қара мал бруцеллезіне шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Айсары ауылдық округі әкімінің "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Айсары ауылдық округі Айсары ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 20 маусымдағы №3 (2018 жылғы 09 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4789 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айсары ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
С.Касенова |