Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан əкімдігінің 26.12.2019 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабы 2) тармақшасына, 139 - бабы 9 – тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 187 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (2016 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланды, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3851 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
2) аудан әкімдігінің осы қаулысын мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тіліндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;
3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Жұмабеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
мәслихатының хатшысы
__________________Е. Әділбеков
2018 жылғы "____" ____________
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2018 жылғы | |
"____" ________ № __ қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау саласы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық аурухананың басшысы;
2) аудандық емхананың басшысы;
3) аудандық диспансердің басшысы;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері;
6) барлық мамандықтағы дәрігерлер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) мейіргер, провизор (фармацевт) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар:
8) денсаулық сақтау саласындағы сарапшы-маман, зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер) - біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
9) фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), мейіргер, тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), стоматолог-дәрігердің көмекшісі (стоматологтың ассистенті), рентген зертханашысы, фармацевт, диеталық мейіргер - бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
10) әлеуметтік қызметкер - бiлiктiлiгi жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман;
11) психолог маман - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман;
2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ маман;
4) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - бiлiктiлiгi жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - бiлiктiлiгi жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - бiлiктiлiгi жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
8) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары
9) ассистент - техникалық орындаушылар.
3. Білім саласы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (шағын жиынтықты мектеп, мектепке дейінгі ұйымнан, әдістемелік, психологиялық-әдістемелік-педагогикалық консультация кабинеттерінен басқа);
2) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинетінің басшысы;
3) аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;
4) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
5) педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, қосымша білім беретін педагог, тәрбиелеуші, музыкалық жетекші, тәрбиелеуші-ана, дене тәрбиесі нұсқаушысы (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері, оның ішінде бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, тәлімгер, тәрбиелеуші, музыкалық жетекші, қосымша білім беретін педагог, ұйымдастырушы педагог, дене тәрбиесі нұсқаушысы - біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
8) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі мамандар;
9) әдіскер (негізгі қызметтердің) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
10) мейірбике (мейіргер), емдәмдік мейірбике - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
11) тәрбиешінің көмекшісі - техникалық орындаушылар.
4. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әдістемелік кабинетінің меңгерушісі (басшысы);
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік қойылым бөлімінің меңгерушісі (басшысы);
5) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) – біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
6) библиограф - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) кітапханашы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
8) редактор (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
9) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
10) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
11) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
12) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
13) хореограф - жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
14) кинорежиссер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
15) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
16) хормейстер - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
17) барлық атаудағы әртістері - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.
5. Спорт саласы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
3) жатттықтырушы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
4) жаттықтырушы-оқытушы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
5) нұсқаушы-спортшы - біліктілігі жоғары және орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар;
6) (мамандандырылған) медициналық бике/аға - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
7) әдіскер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.
6. Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ветеринариялық станциясының басшысы;
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ветеринариялық станциясы басшысының орынбасары;
3) ветеринариялық дәрігер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
4) ветеринариялық фельдшер - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.