"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2018-2019 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарды бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 24/125 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4541 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiнде 2018 жылдың 2 ақпанында жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:"
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының сессия төрайымы |
Ә.Оспанова |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
А.Бектасова |