Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округі әкімінің 10.07.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Есіл ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 23 қарашасындағы № 10-11/141 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Алматы ауылдық округінің Жарқайың ауылында "Данияр Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Л.Ботина |