Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 19.07.2021 № 182 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 шілдедегі № 182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 16 шілдеде № 2855 тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдеде № 29 "Сельская новь" және 2014 жылғы 25 шілдеде № 30 "Ауыл арайы" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
көрсетілген қаулының преамбуласы жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Жамбыл ауданының әкiмi | И. Турков |
"КЕЛIСIЛДІ" | |
Жамбыл аудандық сайлау | |
комиссиясының төрайымы | Л. Топорова |
2018 жыл 15 ақпаны |