Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында ауылдык округтері әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайды ұсыну және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 шілдедегі N 182 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 шілдеде N 2855 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № 182

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 19.07.2021 № 182 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 15.02.2018 № 34 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Жамбыл аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Cолтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында ауылдық округ әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгiттік баспа материалдарын орналастыруға орындар 1-қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Cолтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында ауылдық округ әкімдеріне барлық кандидаттар сайлаушылармен кездесуiн өткiзу үшiн үй-жайлар шарттық негiзде 2-қосымшаға сәйкес ұсынылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппарат басшысы Е.М. Пестоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2014 жылғы 16 шілдедегі пайда болған қатынастарға таралады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Жамбыл ауданының әкiмi И. Турков
      "КЕЛIСIЛДІ"
      Жамбыл аудандық сайлау
      комиссиясының төрайымы Л. Топорова
      2014 жыл 9 шілде

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 9 шілдедегі № 182 қаулысына 1-қосымша

Cолтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында ауылдық округ әкімдерінің барлық кандидаттарына үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Р/с №

Ауылдық округтердiң атауы

Үгiт-насихаттық баспа материалдарын орналастыруға арналған құрылыстардың орындары және мекенжайлары

1

Преснов

Ақпараттық тақта, Пресновка селосы, Е. Шайкин көшесі, Орталық алаң

  Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 9 шілдесіндегі № 182 қаулысына 2-қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарт негізінде ұсынылған үй-жайлардың тізімі

р/с №

Ауылдық округтердiң атауы

Таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін үй-жайлардың мекен-жайы

1

Преснов

Пресновка селосы, Орталық кітапхана, Потанин көшесі, 26


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады