Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 12.03.2019 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 21 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 4828 тіркелді, 2018 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген орыс тіліндегі шешімінің тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Об установлении ограничительных мероприятий";
жоғарыда көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімінің тақырыбы өзгеріссіз қалдырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімінің кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, Қызылжар ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 5 мамырдағы №01-11/116 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
И. Рыбакова |