Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 12.03.2019 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, Қызылжар ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 5 мамырдағы №01-11/116 ұсынысы негізінде, Архангельск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің 18.07.2018 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округінің Архангельское ауылында бруцеллез аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің | И. Рыбакова |