Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мəслихатының 18.02.2020 № 36-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 2341 болып тіркелді, "Мағжан жұлдызы" және "Вести" аудандық газеттерінде 2013 жылғы 9 тамызда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Лунин |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының хатшысы |
Т. Әбілмәжінов |
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2018 жылғы 18 сәуірдегі№ 18-5 шешіміне қосымша |
Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
р/с № | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіштермен) |
1 | Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 4 |
7 | Астана және Алматы қалаларын және арнайы аймақты қоспағанда, уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 10 |